Әлем
Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды
Сейсенбі күні кешкі уақытта Жапонияның Ниигата префектурасында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды, цунами қаупі жоқ, деп хабарлайды TuraNews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Ниигата префектурасына қарасты Садо аралының ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 17:59-да тіркелген.
Атап өткендей, қазіргі уақытта цунами қаупі жоқ. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Кейбір аудандарда жүрдек пойыздар қозғалысы тоқтатылды.
—