
Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы премьер-министр Нагасакиде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Trend агенттігі.
«Сапардан бас тартуға метеорологиялық агенттіктің оңтүстік-батыстан Жапонияның орталығына дейін созылып жатқан Тынық мұхитында ықтимал күшті жер сілкінісі қаупінің артуы туралы ескертуі себеп болды», денілген хабарламада.
Жапония премьер-министрі 9 тамызда Астанада өтетін «Орталық Азия + Жапония» тарихындағы тұңғыш саммитке қатысады деп жоспарланған болатын.
Еске салайық, 8 тамызда Жапонияда магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі болып, одан кейін цунами қаупі жарияланған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасына жақын жерде болды.