ӘлемБасты

Жапаров: Бішкек ЖЭО-дағы апатқа жоғары сапалы көмір себеп болуы мүмкін

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апатқа жоғары сапалы көмір себеп болуы мүмкін деген болжам айтты.

С.Жапаровтың айтуынша, өткен жылдары Бішкек жылу электр орталығы Қара-Кече кен орнының көмірін пайдаланды, ал былтырдан бастап Шұбаркөл көмірін жаға бастаған.

«Бұрын Бішкек ЖЭО-да Қара-Кече кен орнының көмірі жағылатын. Бұл көмір жетілмеген. Ондағы калория мөлшері – 3800 ккал/кг. Өткен жылы Шұбаркөл көмірін сатып алдық. Бұл жақсы көмір, жылу шығаруы – 5500 ккал/кг. Мен сарапшы емеспін, бірақ жарылыс қызметкерлердің оның жоғары калориялы көмір екенін ескермей, оны Қара-Кечин көміріндей жағуының фонында жарылыс температурасының көтерілуінен болды деп ойлаймын», — деді Қырғыз Республикасының Президенті.

Еске сала кетсек, 2 ақпан күні таңғы сағат 3-те Бішкек жылу электр орталығында апат болып, қондырғылар істен шыққан болатын.

Оқиғаның себептері анықталуда. Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, техногендік сипаттағы нұсқамен қатар ықтимал диверсияны да жоққа шығаруға болмайды.

Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның үшеуі түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханада жатыр.

Қаланың ЖЭО аумағында төтенше жағдай жарияланды. Апат салдарын жедел жою үшін жедел штаб құрылды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров түнде апат болған Бішкек жылу электр орталығындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Қырғызстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел астанасындағы жылу электр орталығының жұмысын тез арада қалпына келтіру жөнінде шұғыл тапсырма берілді. Барлық тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button