Қоғам

Жаңаарқада биыл 210 орындық спорт кешені пайдалануға беріледі

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында екі қабатты денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде.

Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары, жылу желілерін тарту мен ауласын абаттандыру жүзеге асырылуда.

3000 шаршы метрге жуық спорт нысанында жаттығу залы, көрермендерге арналған алаң, күрес залы, әкімшілік, жуыну, киім ауыстыруға арналған бөлмелер болады.

Кешен жұмыстары осы жылдың қарашасында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

TuraNews

Back to top button