Жаңаарқа мемлекеттік қызметкерлері – спартакиада жеңімпазы атанды
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысында дәстүрлі «Ел жанашырлары» атты облыстық спартакиада өтті.

Ауқымды спорттық шараға Ұлытау облысы, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдіктері қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.
12–16 мамыр аралығында өткен жарыс бағдарламасына волейбол, баскетбол, мини-футбол, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу және арқан тарту сияқты спорт түрлері енгізілді. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындық пен шынайы жанкештілікті көрсетті.
Жалпы командалық есеп бойынша Жаңаарқа ауданы әкімдігінің командасы бірінші орынды иеленіп, бас жүлдеге ие болды. Екінші орын – Жезқазған қаласы әкімдігіне, ал үшінші орын – Қаражал қаласы әкімдігіне бұйырды.
Бұл жеңіс – Жаңаарқа ауданы мемлекеттік қызметшілерінің ұйымшылдығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жеңісті күндер жалғасын тапсын!