Басты

Жаңа Үкімет бекітілді: Кім кетті, кім келді?

2023 жылғы 29 наурызда Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бүгін, 4 сәуірде министрлер кабинетінің жаңа құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Turanews.kz.

 

Үкіметтің жаңа мүшелері:

Мұрат НұртілеуПремьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі (Мұхтар Тілеубердінің орнына);

Алмасадам Сәтқалиев – Энергетика министрі (Болат Ақшолақовтың орнына).

 

Орнын сақтап қалғандар:

Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;

Ерұлан Жамаубаев – Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі;

Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Алтай Көлгінов – Премьер-министрдің орынбасары;

Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;

Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі;

Марат Ахметжанов – Ішкі істер министрі;

Дархан Қыдырәлі – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;

Азамат Есқараев – Әділет министрі;

Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;

Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;

Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Асхат Оралов – Мәдениет және спорт министрі;

Юрий Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;

Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі;

Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Зүлфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі.

Ғани Бейсембаев – Оқу-ағарту министрі.

TuraNews

Back to top button