Басты

Жаңа мектептер заманауи технологиялармен толық жабдықталады – Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте жаңа мектептердің ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Министрдің айтуынша, салынатын білім ордалары заман талабына сай технологиялармен жабдықталады.

Атап айтқанда, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы, заманауи пәндік кабинеттер және алғашқы әскери дайындыққа арналған ашық жаттығу алаңдары қарастырылады. Бұл жаңашылдықтар оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button