Қоғам
«Жаңа Конституция – ел болашағы»

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы – берік құқықтық негізден басталады. Осы мақсатта «Жаңа Конституция – ел болашағы» тақырыбында Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қоғамдағы аналардың рөлі, ұрпақ тәрбиесі және Конституцияның маңыздылығы кеңінен талқыланды. Әрбір ана – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тірегі екені айтылып, елдің ертеңі саналы, тәрбиелі ұрпақтың қолында екені ерекше атап өтілді.
Жиын ашық пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ортақ құндылықтарды дәріптеудің маңызын жеткізді.



