Жаһандық тартылыс орталықтары Орталық Азияға қарай ауысып жатыр – Абдулла Гүл
үркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл елордадағы Орталық Азия медиафорумына келіп, медианың қазіргі қоғамдағы маңызды рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баршамызға белгілі, біздің әлем тектоникалық ығысулар жағдайында дамып келеді және бұл тұрғыда 2022 жыл Еуразия континентіндегі қауіпсіздік пен өркендеу контекстінде өте күрделі болды. Бұл тектоникалық қозғалыстар әлдеқайда ертерек басталды. Біз жаңа әлемдік тәртіп жағдайында бәрін жан-жақты және қайта жаңғырту керегін түсіне бастадық, өйткені жаңа әлемдік тәртіп қана жаңа, күрделі сын-қатерлерді шеше алады. Жаңа әлемдік тәртіптің бұл тұрғысында жаһандық, экономикалық, саяси гравитация орталықтары Азияға, атап айтқанда Орталық Азияға қарай ауысуда, өйткені Орталық Азия геостратегиялық маңызға ие болуда. Орталық Азия елдері 1991 жылы Тәуелсіздік алған соң өңірлік деңгейде дамуды, геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатта түрлі тәсілдерді қолдана бастады», — деді Абдулла Гүл бірінші Орталық Азия медиафорумның ашылуында.
Абдулла Гүл Еуразиядағы кез келген процестерде бұрынғы өткен оқиғалар өте маңызды рөл атқара алатынын атап өтті.
Бұл тұрғыда спикер халықаралық қоғамдастықтың маңызды рөлін айтты.
«Осыған байланысты Орталық Азияда ұсынылған адами ресурстар мен табиғи ресурстар үлкен әлеуетке ие және болып жатқан барлық жағдай контексінде маңызды рөл атқарады. Бұл тектоникалық ауысулар іс жүзінде белгілі бір ойды жеткізеді және бұл ой өте айқын. Жаңа дәуірде ішкі мәселелер мен халықаралық мәселелерді дұрыс шешу қажет. Ол үшін неғұрлым ашық, есеп беретін, ынтымақтастыққа бейім және жаһандық деңгейде икемді болу қажет. Барлығының шеңберінде медиа биліктің үлкен қайнар көзі ретінде қарастырылуы керек, өйткені ақпараттық дәуірде соңғы цифрлық трансформацияларды ескере отырып, бізде кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, цифрлық орта бізге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Әр адамның әлемде не болып жатқаны туралы өз пікірін білдіре алатын жаһандық азамат болатын мүмкіндігі бар», — деді спикер.
Оның айтуынша, медиа «айна» әсеріне ие, өйткені медиа құралдармен бірге сыртқы қатысушылар ішкі оқиғалардың бәрін бақылай алады.
Нәтижесінде белгілі бір елдердегі оқиғалардың нақты көрінісі ашылады. Мұның бәрі сөз бостандығының арқасында мүмкін болып отыр.
«Медианың арқасында айналада болып жатқанның бәрін жасыру мүмкін болмады. Сондай-ақ, бұл имиджді қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететінін көрудеміз. Сондықтан, медиа елдердің де, Үкіметтің де ашық және есеп беретініне ықпал етеді. Медиа туралы айтатын болсақ, бұл дұрыс басқаруды қамтамасыз етудегі маңызды сектор. Бұл кешенді әсер етуі мүмкін. Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және кірісті тең бөлу – дұрыс басқарудың синонимі және бұл қоғамдар тең қарым-қатынастың материалдық нәтижесін сезіне алады және бұл олардың одан да тұрақты болуына мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда кез келген жанжалды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бар. Мұндай сценарийде қауіпсіздік мәселелеріне бір күн жұмсаудың орнына, Үкіметтің өркендеу мен жақсартылған өмір стандарттарын қамтамасыз ету үшін өз ресурстарын азаматтардың игілігі үшін дұрыс бөле алады. Бұл тұрғыда Қазақстан басшылығы дұрыс таңдау жасады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге шоғырланды, қауіпсіздік саласындағы сын-қатерді еңсеріп, басқа елдермен тату көршілік қатынастар құруға мән берді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттық бірегейлікті қалыптастыру процесін құруға зор күш жұмсады. Мұнда нарықтық экономикаға көшуді де ескеру қажет. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық салада елеулі прогреске қол жеткізді. Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты ашық ілгерілетіп, түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтты», — деді Абдулла Гүл.