ӘлемБасты

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль мен ХАМАС Газа секторында 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға келісті.

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келді. Бұл туралы The Times of Israel АҚШ пен араб шенеунігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдағы сағаттарда ресми мәлімдеме жасалады деп күтіліп отыр. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Катар мен ХАМАС өкілдері арадағы даудың соңғы нүктесі қойылғанын мәлімдеді. Осы келісім туралы басқа да бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, келісім атысты алты аптаға тоқтатуды, Израиль әскерлерін кезең-кезеңімен шығаруды, ХАМАС ұстаған кепілдерді босатуды және Израильде ұсталған палестиналық тұтқындарды босатуды қамтиды.

Al Jazeera Arabic және Sky News телеарналарының дерегінше, ХАМАС өкілі өздерінің жетекшілері Халиль аль-Хайяның келісімді Дохадағы делдалдар арқылы мақұлдағанын айтты. Израильдік шенеунік The Times of Israel басылымына атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде «келісімге қол жеткізілгенін» және кепілге алынғандардың «жақын арада» босатылатынын жазды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button