ӘлемБасты

Израиль әскерінің Рафахқа шабуылы: 45 адам қаза тапты

Израиль әскері Газа секторындағы Рафах қаласына кезекті зымырандық шабуыл жасады. Салдарынан кем дегенде 45 адамның қаза тапқаны хабарланды.

ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі зымырандық шабуылда қаза тапқан 45 адамның 23-і әйелдер мен балалар екенін және 249 палестиналық жараланғанын хабарлады. Рафах газалықтардың жан сақтайтын аймақтағы соңғы қаласы еді. Бұл қала негізінен босқындар лагерлері мен палаткалардан тұрады.

Босқындар лагерінің аумағына израильдік зымыран келіп түскен. ЦАХАЛ оны заңды нысана деп атады және соққы жасалған нысан ХАМАС-қа тиесілі екеніне сенім білдірді.

«Шабуыл халықаралық құқыққа сәйкес, қажетті барлау мәліметтеріне сүйене отырып, нақты бағытталған оқ-дәрілердің көмегімен жасалды. Бұл аумақты ХАМАС қолданатыны анық», – делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

Куәгерлердің айтуынша, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:45 шамасында лагерь аумағына кемінде сегіз зымыран түскен. Wafa news агенттігі Палестинаның Қызыл Жарты Ай ұйымына сілтеме жасап, құрбандардың көпшілігі Тал әл-Сұлтан аймағындағы шатырларда тірідей өртеніп кеткенін жазды.

Via
Kazinform
Source
Al Jazeera

TuraNews

Back to top button