Мәдениет

Измирде ТҮРІКСОЙ опера күндеріне орай концерт ұйымдастырлыды

ТҮРКСОЙ-дың 23-ші Опера күндері Измирдегі Эльхамра концерт залында керемет қойылыммен өтті.

Әзербайжандық атақты композитор Фикрет Әміровке арналған ТҮРКСОЙ ұйымының 23-ші Опера күндерінде Измир мемлекеттік опера және балет оркестрінің сүйемелдеуімен түркі әлемінің лирик өнерпаздары өнер көрсетті.

Іс-шараны ашқан ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Біләл Чакыджы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешімімен жарияланған мерейтойлық жыл аясында, әйгілі Әзірбайжан композиторы Фикрет Әміровке арналған ТҮРКСОЙ-дың дәстүрлі опера күндерінің Бұл жолы Измир қаласында өтіп жатқанын айтты. Измирде осындай қалың көрерменнің алдында сөз сөйлегеніне қуанышты екенін айтқан Чакыджы мырза, ТҮРКСОЙ-дың осы дәстүрлі шарасының арқасында Түркі әлемінің дарынды композиторларының және оның бай мәдени мұрасын көрсететін шығармалары Измирдегі өнер сүйер қауымға ұсынылып жатқанын айтты.

Концерт аясында Түрік дүниесінің әйгілі шығармалары орындалды

Ашылу сөзінен кейін Әзірбайжаннан келген Маэстро Айюб Гулиев жетекшілік ететін Измир мемлекеттік опера және балет оркестрінің сүйемелдеуімен Түркі әлемі өнерпаздарының түрлі-түсті қойылымдары бар тамаша концерт өтті. Концертте түркі халықтарының әйгілі әуендері мен әндері, сондай-ақ батыс классикалық музыкасы композиторларының операларынан шығармалар орындалды.

Фикрет Әміровтың «Әзірбайжан каприччосы» және «Севилья» операсынан Севилья шығармасы, Тоқаттан «Сабахын сехерінде» халық әні, А.Малдыбаевтың «Айчурок» операсынан Күлчоро шығармасы, Л.Хамидидің «Бұлбұл», А. Джубановтың «Абай» операсындағы Сырттан шығармасы, К.Әзиздің «Әл Йемени», Л.Пипковтың «Нани», А.Атабаевтың «Қырғыз жері», М.Ашрафидің «Кешмирде» атты шығармасы көрермендердің ерекше бағасын алды.

Концертте сахнаға шыққан Түркі әлемінің, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің және түркі қауымдарының өнерпаздары: Фатима Джафарзаде (Әзербайжан), Оралхан Сейілбекова, Шыңғыс Расылхан (Қазақстан), Елғыз Бейшенбаев, Атахан Айбек Уулу (Қырғызстан), Сайыныч Кычыл (Түркия), Малика Норматова (Өзбекстан), Хавва Өздемираг (СКТР) және Элеонора Джоджоска (Солтүстік Македония).

TuraNews

Back to top button