ЮНЕСКО кезекті төрағалығы — Әзербайжанда
Бакуде Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің 9-шы жиналысы өтті.
Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО-дағы хатшылығы мен кезекті төрағалығы Түркиядан Әзербайжанға тапсырылды.
Әзербайжанның бас қаласы Бакуде Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің 9-шы жиналысы өтті.
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов осы жиналыста сөйлеген сөзінде Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің бірге қозғалуының маңыздылығына тоқталды. Ол ЮНЕСКО-да 15 желтоқсан күнін Халықаралық Түрік тілі күні ретінде тойлануын қолдайтындарын білдірді.
Түріксой бас хатшысының орынбасары Проф. Др. Билал Чакыжы да Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің барлық жұмысына қолдау беретіндарын атап көрсетті.
ЮНЕСКО Түркия Ұлттық комитеті төрағасы Өжал Огуз да Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің бірінші рет 2008 жылы бас қосқанын айтты. «Біз ЮНЕСКО Түркия ұлттық комитеті ретінде кезекті төрағалықты Қырғызстаннан қабылдап алған едік. Бір жыл атқардық. Енді төрағалықты Әзербайжанға тапсырып отырмыз» деді ол.