ҚоғамМәдениет

ЮНЕСКО «Жібек жолы жастардың көзімен» фотобайқауының басталғанын жариялайды

ЮНЕСКО «Жібек жолы жастардың көзімен» фотобайқауының басталғанын жариялайды. Байқауға 14 пен 25 жас аралығындағы жастарды  қатысуға шақырады, деп жазады Turanews.kz Халықаралық Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар «Сәулет», «Ескерткіштер» және «Урбанистика» тақырыптарын қамтуы қажет. Жұмыстар аталған тақырыптардың кез-келгеніне арналуы мүмкін, бірақ басты шарт-Жібек жолының бойында тұратын адамдардың өзара байланыстарын көрсету болып табылады.

Конкурстық жұмыстар қатысушылардың екі жас санаты бойынша қабылданады: 14-тен 17-ге дейін және 18-ден 25 жасқа дейін, бұл әр санатта үш жүлделі орын беріледі. Сонымен қатар, байқаудың 60-қа жуық үздік фотосуреттері кәсіби фотоальбомда жарияланып және бүкіл әлем көрермендерінің назарына ұсынылатын көрмеде көрсетіледі.

Қатысу туралы нұсқаулар алу үшін мына жерді басыңыз: https://unescosilkroadphotocontest.org/participate

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылдың 31 шілдесі.

TuraNews

Back to top button