Спорт
Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды
Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.
Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).
Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.
Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.