Спорт

Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті.

Өткен аптада Рим WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, беларусьтік Арина Соболенко екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші сатыда тұр.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина төртінші орында қалса, Юлия Путинцева 41-ден 37-ге көтерілді. Ю.Путинцева әлемдік рейтингтегі өзінің үздік көрсеткішіне (27) жақындап келеді.

Жібек Құламбаева 499-дан бірден 60 сатыны артқа тастап, 439-ға жоғарылады.

Жұптық сында тайбэйлік Се Шувэй, бельгиялық Элизе Мертенс және жаңазеландиялық Эрин Рутлифф көш басында келеді.

Қазақстандықтардан Анна Данилина 51-ден 59-ға, Жібек Құламбаева 138-ден 142-ге, Ю.Путинцева 360-тан 374-ке сырғыды.

TuraNews

Back to top button