
Түрік футболшы Хакан Чалханоғлу «Serie A»- да ең көп гол салған түрік футболшы атанды, деп хабарлайды TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Италияның Интер командасында ойнайтын 29 жастағы түрік футболшы «Serie A»-ның 12-ші аптасында командасы жеңіске жеткен матчта тағы гол салды. Ол осы голімен барлығы 37 гол салған болды.
Тәжірибелі түрік футболшы 1950-1953 жылдар аралығында Палермо және Лацио командасында ойнаған, 36 рет гол салған Шүкрү Гүлесінді артта қалдырып, Италия лигасында ең көп гол салған түрік футболшы атанды.