БастыТуризм

Ішкі туризм: Алматы, Бурабай, Маңғыстау және Алакөл ең көп сұранысқа ие демалыс орындары

2022 жылы отандық курорттарда демалған туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 30% өсті. Осының арқасында Қазақстанның қонақ үйлері 102 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінше, көрсетілген қызмет көлемі 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскен.

Сондай-ақ курортты аймақтардағы төсек-орын саны 102 мыңнан 106 мыңға дейін артты.

Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда Қазақстанның курортты аймақтарында туристер саны үш есе, ал көрсетілген қызметтер көлемі 6 есе өсті.

Бұл ретте саяхатшылар көбіне Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауында тоқтайтынын айта кеткен жөн.

«Қазіргі уақытта ең танымал бағыттар бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуда белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – бірнеше жыл ішінде ішкі туристердің жалпы санын 11 млн адамға дейін, ал кіретін туристерді – 4 млн адамға дейін ұлғайту үшін курорттар мен демалыс аймақтарының қолжетімділігін, сондай-ақ сыйымдылығын арттыру, атап айтқанда, қазір жаңа нысандар салынып жатыр, ал туризм саласындағы кәсіпкерлер субсидия алып келеді», — деп атап өтті ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

TuraNews

Back to top button