Қоғам
Ішінде бес адамы бар автокөлік қарлы боранда арыққа түсіп кеткен

2026 жылғы 22 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Алматы-Ташкент» автожолының 586-шы шақырымында ТЖМ құтқарушылары патрульдеу барысында ауа райының қолайсыздығынан арыққа шығып кеткен жеңіл автокөлікті көріп, көмек көрсеткен, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жедел түрде көмек көрсетуге кіріскен. ТЖМ күштерімен автокөлік қар құрсауынан жолдың қауіпсіз учаскесіне шығарылды.
«Көлік ішінде 5 адам болды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ»,- деп мәлімдеді ведомство.
Бұл ретте, ТЖМ мамандары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын ескертеді. Нашар ауа райында ашық далада сапарға шығудан бас тарту ұсынылады, себебі қар құрсаулары мен көрінудің нашарлауы өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп тудыруы мүмкін.



