БастыСаясат

Ирандағы жағдайға байланысты Әзербайжанның 41 азаматы елге қайтарылды

Ираннан 41 Әзербайжан азаматы эвакуацияланды, ал елшілік пен консулдықтар жұмысын жалғастырып жатыр.

Әзербайжан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі, Тебриз қаласындағы Бас консулдығы, сондай-ақ Израиль мемлекетіндегі елшілігі жедел желілерге түсіп жатқан Әзербайжан азаматтарының өтініштерін қарап, қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Бұл ақпаратты Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде растады.

Оның айтуынша, осы жағдайға байланысты ең алдымен Иран мен Әзербайжан шекарасы арқылы елге өтуге мүмкіндік берілген 41 азаматтың, соның ішінде Ирандағы елшілік қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілген.

Иран мен Израильдегі елшіліктер, сондай-ақ Тебриздегі консулдық өз қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатыр.

Via
Kazinform
Source
Azertag

TuraNews

Back to top button