ӘлемСаясат

Иранда президент сайлауы 28 маусымда өтеді

Иран үкіметі дүйсенбі күні елдегі 14-ші президенттік сайлауды 28 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Иранның Ирна агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа хабарлады.

Сайлау күні бүгінде президент қызметін атқарып жатқан Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Мохбер, сот жүйесінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи, Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф, сондай-ақ президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехган мен Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысқан отырыста белгілі болды, делінген хабарламада.

Иран президенті Ибрахим Раиси мен онымен жанында болған команданың кейбір мүшелері, соның ішінде Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян дүйсенбі күні таңертең Тегераннан шамамен 670 шақырым жердегі Варзакан ауданы маңында құлаған тікұшақтың сынықтары табылғаннан кейін қайтыс болды, деп жарияланды.

Иран Конституциясының 131-бабына сәйкес, егер президент өз міндетін атқара алмаса, атқарушы билік уақытша бірінші вице-президенттің қолына өтеді, ол 50 күн ішінде жаңа президентті сайлауды ұйымдастыруға міндетті.

Кездесу барысында қатысушылар сонымен қатар атқарушы делегацияларды жасақтау, кандидаттарды тіркеу және сайлау науқандарын бастауды қамтитын сайлау процесінің кестесін жасады, деп хабарлайды ИРНА.

«Кестеге сәйкес, тіркеу 30 мамырдан 3 маусымға дейін жүргізіледі, содан кейін кандидаттар 12-27 маусым аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі тиіс», — делінген хабарламада.

ИРНА мәліметтерінше, Конституциялық кеңес кестені бекітті.

 

TuraNews

Back to top button