ӘлемСаясат

Иран президенттігіне алғашқы әйел үміткер ретінде тіркелді

Үш күнде президент сайлауына қатысуға 17 адам өтініш білдірген.

Иранның бұрынғы депутаты, ғалым Зохре Элахиан президент Ибрахим Раиси ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін белгіленген кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде тіркелген алғашқы әйел болды. Бұл жайында Mehr агенттігінен хабарланды. 

— Ислам Иран аспанынан үміт нұры көрінді. Өз елімнің әйелдер қоғамының өкілі ретінде сайлау кеңсесіне құжаттарды тапсырдым, — деп жазды Элахиан өзінің X парақшасында.

Үш күнде президент сайлауына қатысуға 17 адам өтініш білдірген.

Олардың арасында парламенттің бұрынғы басшысы Әли Лариджани, Орталық банктің бұрынғы басшысы Абдул Насыр Хеммати, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы генерал Вахид Хагганян, Тегеран мэрі Алиреза Закани және Иранның рухани жетекшісі Аятолланың Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесіндегі өкілі Саид Джалили бар.

Иран парламентінің қазіргі алты мүшесі және бұрынғы бес мүшесі де сайлауға түскісі келетінін білдірген.

Үміткерлерді тіркеу 30 мамырда басталып, 3 маусымға дейін жалғасады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button