ӘлемБасты

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты

Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Иран президентімен бірге болған адамның бәрі, соның ішінде сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да тікұшақ апатынан қаза тапқан.

Бұған дейін БАҚ Иран президентінің тікұшағы апатқа ұшырап, толығымен жанып кеткенін хабарлаған.

Бұған дейін Press TV телеарнасы Иран президентінің құлаған тікұшағы түріктің Акынжы ұшқышсыз ұшқышсыз ұшағы арқылы анықталғанын және оған іздеу-құтқару топтары жіберіліп жатқанын хабарлаған.

TuraNews

Back to top button