Бұл туралы Душанбе қаласының әкімі және Тәжікстан Жоғарғы ассамблеясы Ұлттық кеңесінің төрағасы Рустам Эмомали әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Trend агенттігі.
Оның айтуынша, сапар барысында екі ел көшбасшылары кездесіп, бірқатар маңызды келіссөздер жүргізеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 30 шілдесінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Иранға жұмыс сапарымен барған болатын. Сондай-ақ, тамыздың 10-ында Тәжікстан мен Иран азаматтары үшін визасыз режим енгізілген еді.
Сондай-ақ, бұл сапар Иран Президенті Масуд Пезешкянның Тәжікстанға алғаш рет келуімен ерекшеленеді.