Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді. Негізгі талқыланатын мәселелер – сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту бағыттары болмақ.



