ӘлемСпорт

Иран футболшылары әлем чемпионатында өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты

Катарда басталған футболдан әлем чемпионатындағы матч алдында Иран құрама командасының футболшылары Уэльспен матч алдында өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартса, құрама жанкүйерлері ысқыра бастады, деп хабарлайды bassport.kz.

Естеріңізге сала кетейік, футболшылар мен жанкүйерлер осындай әрекетімен екінші ойын қатарынан Ирандағы мемлекеттік жүйеге наразылық білдірді. Әйел құқығын қорғаушы, Ирандағы азшылық күрдтер арасынан шыққан 22 жастағы Махса Әминидің өлімінен соң соң қыркүйекте Иранда жаппай наразылық басталған. Әминиді Иранның әдеп полициясы «хиджапты нормаға сай кимеген» деп ұстаған, кейін полиция бөлімшесінен ауруханаға апарған, бірнеше күннен соң Әмини ауруханада қайтыс болған.

Бүгін В тобындағы Уэльс пен Иран құрамалары арасындағы матч Катардағы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-ші турын ашады. Ойын «Ахмед бин Али» стадионында өтеді.

TuraNews

Back to top button