ӘлемБасты

Ирактың солтүстігінде Түркияның алты әскери қызметшісі қаза тапты

Ирактың солтүстігінде лаңкестермен қақтығыс болып, Түркия Әуе күштерінің алты қызметшісі қаза тапты, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

— 23 желтоқсанда лаңкестер «Pençe-Kilit» операциясы аумағындағы базаға кіруге тырысып, қақтығысқа ұласты, салдарынан алты қаһарман жолдасымыз қаза тауып, біреуі жарақат алды. Алдын ала деректер бойынша, қақтығыс кезінде 13 лаңкестің көзі жойылған. Аймақта операция жалғасып жатыр, — делінген Түркия Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қорғаныс ведомствосы қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жараланғандар тезірек сауығып кетсін деген тілек айтты.

TuraNews

Back to top button