Financial Times хабарлауынша, OPEC ұйымының екінші ірі мұнай өндірушісі саналатын Ирак тәулігіне шамамен 3 миллион баррель мұнай өндіріп келген. Өндірістің тоқтауына Ормуз бұғазының Иран тарапынан жабылуы, мұнай қоймаларының толып кетуі және кеме қатынасына байланысты қауіптер себеп болған.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Ирак мұнайының шамамен үштен екі бөлігін тұрақты түрде Қытай мен Үндістан сатып алып келген.



