Қоғам

inDrive — төртінші жыл қатарынан райдхейлинг қосымшалары арасында ең көп жүктелген №2 қосымша

inDrive жаһандық қалалық мобильділік және қызметтер платформасы райдхейлинг қосымшалары арасында жүктелу саны бойынша төртінші жыл қатарынан әлемде екінші орынды иеленді. Бұл туралы Sensor Tower талдау компаниясының жаңа есебінде айтылған.

Сонымен қатар, сервис Bolt, DiDi, Rapido сияқты қосымшаларды басып озып, «Саяхат» санатындағы ең көп жүктелетін қосымшалардың әлемдік рейтингінде төртінші орынға көтерілді және өткен жылмен салыстырғанда позициясын жақсартты. Бұл өсім сервистің супераппқа трансформациялануы аясында пайдаланушылардың белсенділігі артқанын айғақтайды.

Іске қосылған сәттен бастап inDrive қосымшасы 400 миллионнан астам рет жүктелді. Бүгінде платформа әлемнің 48 еліндегі 1065 қалада жұмыс істейді, ал сапарлар мен транзакциялардың жалпы саны 8 миллиардтан асты.

2025 жылы компания экожүйені классикалық райдхейлингтен тыс дамытуды жеделдетті. Платформа қала ішіндегі сапарлардан бөлек, қалааралық тасымалды, курьерлік жеткізуді, сондай-ақ жаңа inDrive.Продукты сервисі арқылы азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды жеткізуді дамытып, суперапп форматын жүйелі түрде жасап келеді.

Компанияның трансформациялануында жасанды интеллект пен деректер талдауына негізделген меншікті технологиялық стек шешуші рөл атқарады. Машиналық оқыту карталардың дәлдігін арттыру, маршруттарды оңтайландыру және келу уақытын есептеу, сондай-ақ дербестендірілген пайдаланушы сценарийлерін қалыптастыру үшін қолданылады. Болжамды талдау суперапп аясындағы қызметтерді бірыңғай, кедергісіз пайдаланушы тәжірибесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте inDrive-тың негізгі қағидаты өзгеріссіз қалады, яғни пайдаланушы сапардың әділ бағасын бекітуге өзі қатысады. Қосымша peer-to-peer моделі бойынша жұмыс істейді, яғни жүргізуші мен жолаушы бағаны өз бетінше келіседі.

Sensor Tower деректеріне сәйкес, супераптарды дамыту мобильділік нарығының өсуіндегі негізгі драйверлердің біріне айналып келеді, бұл әсіресе дамушы нарықтарда байқалады. Брендтің тұрақты позициялары осы жаһандық трендті — жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, пайдаланушылардың күнделікті қажеттіліктерін өтейтін көпфункционалды платформаларға көшу үрдісін айқын көрсетеді.

inDrive-тың Қазақстандағы бизнес басшысы Арай Бекембаев:

«Төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген екінші райдхейлинг қосымшасы позициясын сақтап қалу — inDrive-тың өз пайдаланушыларына күн сайын әкелетін құндылығының нақты дәлелі. Бұл — адамдардың біздің платформаға деген сенімі мен жаһандық командамыздың еңбегінің нәтижесі. Суперапп ретінде дами отырып, біз негізгі қағидаларымызға — әділдікке, ашықтыққа және таңдау еркіндігіне адал болып қаламыз және адамдардың өмірін шынымен жақсартатын қызметтерді кеңейтуді жалғастырамыз», — деп пікір білдірді.

inDrive компаниясы туралы

inDrive — қалалық мобильділік және қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 400 миллионнан астам рет жүктелді және төртінші жыл қатарынан мобильділік саласындағы ең көп жүктелетін екінші мобильді қосымша ретінде танылды. Райдхейлингтен бөлек, inDrive қалааралық сапарлар, жеткізу, қаржылық қызметтер және азық-түлік жеткізу сияқты бірқатар қызметтерді дамытуда. 2023 жылы компания New Ventures — венчурлық және M&A бөлімшесін іске қосты.

inDrive әлемнің 48 еліндегі 1065 қалада жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын басшылыққа ала отырып, компания 2030 жылға қарай әділ баға белгілеу моделі бар негізгі бизнес арқылы да, әлеуметтік және импакт-бағдарламалар арқылы да бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады.

TuraNews

Back to top button