Әлем

Индонезияда жанартау атқылады

Ява аралында Мерапи жанартауы атқылап, лава кратерден 1,5 км қашықтыққа дейін ағып барды.

Индонезияның табиғи апаттардың салдарын жеңілдету агенттігінен мәліметінше, Ява аралында Мерапи жанартауы атқылап, лава кратерден 1,5 км қашықтыққа дейін ағып барды, деп ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Қауіп деңгейі Индонезияда қабылданған жанартаудың атқылау классификациясының 4 деңгейдің 3-шісіне жетті.

Жақын маңда орналасқан аудан тұрғындарына Мерапиге 7 км қашықтықтан жақын жерге келуге тыйым салынды. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Индонезия аумағында 130-ға жуық жанартау бар.

Биіктігі 2 910 метр болатын Мерапи ең белсенді жанартауларың бірі саналады.

TuraNews

Back to top button