Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды

Линда Яккарино Twitter-дің жаңа бас директоры болды. Бұл туралы Илон Маск аталған әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Turanews.kz.
I am excited to welcome Linda Yaccarino as the new CEO of Twitter!@LindaYacc will focus primarily on business operations, while I focus on product design & new technology.
Looking forward to working with Linda to transform this platform into X, the everything app. https://t.co/TiSJtTWuky
— Elon Musk (@elonmusk) May 12, 2023
«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көруге қуаныштымын!», — деп пост жазды ол.
Айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды.
63 жасындағы Линда Яккарино NBCUniversal жаһандық жарнама және серіктестік төрағасы. 2023 жылдың 12 мамырынан бастап X Corp. және Twitter-дің бас директоры.