Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды
Илон Маск Twitter үшін 44 миллиарда доллар берді. 6 ай бойы түрлі заңдық талас-тартыстан соң әлеуметтік желінің қожайыны атанды, деп хабарлайды Bloomberg.com агенттігі.
Компания акционерлеріне акция үшін 54,20 доллар төленеді де Twitter жеке компания ретінде жұмыс істей бастайды.
Twitter-дын жаңа басшысы Масктың алғашқы жасаған ісі, басшылықты өзгерту болды. Twitter-дің бас атқарушы директоры Параг Аграваль, Виджая Гадде — заң, саясат және сенім бөлімінің басшысы, 2017 жылы Twitter-ге қосылған бас қаржы директоры Нед Сегал және 2012 жылдан бері Twitter-де бас кеңесші болған Шон Эджетт орындарын босалтты.
4 қазанда Маск өзіне қойылған алғашқы шарттар негізінде әрекет етуге келісіп, Дэлавера кеңсесінің судьясы тараптарға келісімді 28 қазанға дейін бітіруге уақыт берді. Бүгінгі таңда Tesla Inc. пен SpaceX компанияларының қожайыны болып табылатын Илан Маск тиісті талаптарды сақтай отырып Twitter-ді иесі атанды.