ӘлемТехнология
Илон Маск TikTok-қа арналған жоспарын айтты
Америкалық миллиардер TikTok-ты сатып алу ниеті туралы қауесетті жоққа шығарды.

Die Welt газеті өткізген бизнес-саммит барысында Илон Маск танымал қысқа бейне қосымшасы TikTok-ты сатып алуға мүдделі емес екенін айтты.
«Мен TikTok-ты сатып алу туралы ұсыныс жасаған жоқпын», – деді Илон Маск.
Оның айтуынша, қазіргі X деп аталатын Twitter желісін сатып алу өзі үшін ерекше оқиға болған.
«Мен әдетте компанияларды нөлден бастап көтеремін», – деп атап өтті ол.