БастыСаясат

III Халықаралық дипломатиялық форумы Анталияда басталды

Үшінші рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық шараға 4 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. 

Өткен жылдың 6 ақпанында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан кейінге шегерілген Үшінші Анталия дипломатиялық форумы «Дағдарыс кезеңінде дипломатияға назар аудару» тақырыбымен форумы өз жұмысын бастады.

1-3 наурыз аралығында Анталия қаласында өтетін форумға 100-ден астам елден 20-дан астам мемлекет/үкімет басшылары, 90-ға жуық министр, оның ішінде 60-тан астам Сыртқы істер министрлері және 80-ге жуық халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, форум аясында түрлі форматта 50-ден астам ақпараттық сессиялар өткізіледі.

Айта кетейік, үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық шараға 4 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.

TuraNews

Back to top button