Спорт

Янник Синнер қатарынан екінші рет Жылдың қорытынды турнирінде чемпион атанды

Әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер АТР Жылдың қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады BasSport.kz порталы.

Туринде өткен бәсекенің финалында ол чемпиондық атақты испаниялық Карлос Алькараспен сарапқа салып, екі партия қорытындысында 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Янник Синнер осымен екінші жыл қатарынан АТР Жылдың қорытынды турнирінде топ жарып, 1500 ұпайды еншіледі.

Айта кетейік, 8 қарашада әйелдер арасындағы Жылдың қорытынды бәсекесі мәресіне жетіп, онда отандасымыз Елена Рыбакина топ жарған еді.

TuraNews

Back to top button