Әлем

Яндекс бірлескен бизнестегі Uber үлесін толықтай сатып алды

«Яндекс» Uber такси агрегаторының «Яндекс Такси» компаниялар тобындағы үлесін толығымен сатып алды. Келісімнің жалпы сомасы $702,5 млн болды. Бұл туралы «Яндекс» хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Turanews.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Келісім нәтижесі бойынша «Яндекс» компаниялар тобының жалғыз иесіне айналады. Бұл компаниялар тобына таксиге тапсырыс беру, каршеринг және самокаттар жалға беру қызметі кіреді. Тараптар реттегіштердің қолдауына ие болды, келісімнің жалпы сомасы — $702,5 млн», — деп мәлімдеді компаниядан.

Компаниядан мәлім еткендей, аталған өзгерістер пайдаланушылар мен серіктестер үшін сервистер жұмысына әсер етпейді.

«Яндекс Такси» мен Uber 2018 жылы Ресей мен ТМД-ның бірнеше елдерінде MLU B.V. бірлескен компаниясын құрған. Бірлескен компания жұмысының басында «Яндекс» салған инвестиция — $100 млн, ал Uber салған қаражат — $225 млн.

2021 жылы «Яндекс» Uber-ден «Яндекс Еда», «Яндекс Лавка» және «Яндекс Доставка» қызметтеріндегі үлесін $1 млрд-қа сатып алды.

TuraNews

Back to top button