
Ақпаратқа сәйкес, өзбекстандық легионер Абдуқодир Хусанов 35 миллион еуроға бағаланған. Қорғаушының бағасы бірден 23 миллион еуроға көтерілді, деп хабарлайды ӨзА.
Нәтижесінде өзбекстандық футболшы ағылшын премьер-лигасының ең қымбат ойыншылары тізімінде төртінші орынға тұрақтады. Бұл кестеде бағасы 100 миллион еуроны құрайтын Александр Исак көш бастады. Одан кейін 55 миллион еуромен Итан Нванери («Арсенал») тұр.
Айта кетейік, Исак пен Нванеридің жаңартылған бағасы бұрынғыдан 25 миллион еуроға жоғары. Сондай-ақ Дин Хёйсен («Борнмут») АПЛ-дағы ең қымбат ойыншылар арасында үшінші орында. Оның «Transfermarkt» порталындағы құны 42 миллион еуро.
Абдуқодир Хусановтың жаңартылған трансферлік құнына қатысты тағы бір статистиканы ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ, футболшының бағасы көтерілгеннен кейін Азияның жетекші бірнеше құрамасы – Қатар (23,13 миллион еуро), Аустралия (23,75 миллион), БАӘ (30,65 миллион) және Сауд Арабиясы (30,65 миллион) басқа 9 елдің құрамасын артта қалдырды.
Абдуқодир Хусанов қазір Азиядағы ең қымбат екінші орталық қорғаушы атанды. Ол «Бавария» командасының кореялық ойыншысы Ким Мин Жаедан (45 миллион еуро) ғана артта қалды. Сонымен қатар А.Хусанов сары құрлықтың ең қымбат ойыншылары арасында төртінші орынға ие болды.
Сондай-ақ А.Хусановтың жаңартылған трансферлік құнынан кейін Өзбекстан құрамасының жалпы құны 70 миллион еуроға жетті. Нәтижесінде, ұлттық құрама құрлықтағы ең қымбат үшінші құрама атанды.
Абдуқодир Хусановтың «Transfermarkt» порталындағы бұрынғы құны 12 миллион еуро болған еді. Футболшы қазір Өзбекстан құрамасымен Қырғыз Республикасы (20 наурыз) және Иран (25 наурыз) құрамаларына қарсы матчтарға дайындалып жатыр.