Басты

Ходжалы қырғынының құрбандары Бакуде еске алынды

Әзербайжан астанасы Бакуде Ходжалы қырғынының 31 жылдығына байланысты елдің президенті Ильхам Әлиев пен мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен шеру және рәсім болып өтті.

Бүгін, 26 ақпанда Әзербайжан астанасы Бакуде, Ходжалы құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің басшылығымен Бостандық алаңында мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың қатысуымен шеру өтті. Әлиев Ходжалы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Ресми рәсімнен кейін ескерткіш көпшілікке ашылды. Халық ескерткішке қарай бет алды. Іс-шараға қаза болғандардың туыстары мен жақындары келді.

Ходжалы қырғыны

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін армяндар Әзербайжанға тиесілі жерлерді талап ете бастады. Көп ұзамай олар шабуыл жасап, 1991 жылдың аяғында оны басып алуға тырысып, стратегиялық маңызды Ходжалы қаласын қоршауға алды. Ол кезде Ходжалы халқы 11 365 адамды құрады.  Алайда, қақтығыстардың салдарынан бұл аймақтағы халық саны 3000 адамға дейін азайды. Қала үлкен стратегиялық маңызға ие болды, өйткені аймақтағы жалғыз әуежай Ходжалыда орналасқан болатын.

Бірнеше айлық шабуылдан кейін армяндар 1992 жылы 25 ақпанда Кеңес Одағының 366 мотоатқыштар полкінің көмегімен әрекет етті.

Армяндар қаланы басып алып қана қоймай, жазықсыз бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіре бастады. Тұтқындалған бейбіт тұрғындарды азаптап, қантөгісті жүзеге асырды.

Сол түні 613 жазықсыз адам қаза тапты. Олардың 63-і кішкентай балалар, 106-ы әйелдер және 70-і қарт адамдар. Қырғынның нәтижесінде 487 адам ауыр жарақат алды. Ауыр жарақат алғандардың арасында 76 кішкентай балалар болды. 1275 адам тұтқынға алынды. Жоғалған 150 адамның тағдыры әлі белгісіз.

Source
TRT Avaz

TuraNews

Back to top button