
Форумға Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис пен Әзербайжан Республикасының Ұлттық Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ қос елдің Жастар парламенттерінің өкілдері қатысады, деп жазады UzA.
Шараның басты мақсаты — парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту, заң шығару және парламенттік бақылау салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына ықпал ету.
Форум қорытындысы бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту, басым бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен бастамаларды тиімді іске асыруға арналған құқықтық негіздерді жетілдіруге бағытталған қорытынды құжат қабылданады деп күтілуде.