БастыДенсаулықҚоғам

Хагги Вагги ойыншығының балалар психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін

Қорқынышты, гибридті белгілері бар ойыншықтардың балалар психикасына әсерін ЕЭК Кеңесінде қарастырды

25 қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық одаққа қатысушы елдер балалардың психикалық дамуына жағымсыз әсер етуі ықтимал ойыншықтарға қойылатын талаптарды әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Turanews.kz ҚР Премьер-Минитсрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік» талаптарын енгізу ұсынысы қазіргі нарықта қорқынышты, күш көрсету белгілері бар, гибридті және т. б. ойыншықтардың жиі кездесуімен байланысты жасалып отыр. Кейбір психологтардың пікірінше, мұндай «қорқынышты» ойыншықтар зорлық-зомбылық пен агрессиямен байланысты ойын сюжетін тудырады.

Ойыншықтарға арналған қолданыстағы техникалық регламентте тек материалдарға, токсикологиялық-гигиеналық және микробиологиялық көрсеткіштерге, физикалық және механикалық, химиялық және электрлік қасиеттерге, радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар ғана белгіленген. Осылайша, нарықтан «қорқынышты» ойыншықтарды алып тастау мүмкін емес.

Отырыста айтылған қазақстандық тараптың пікірінше, бұл мәселені қарастыру үшін ойыншықтың балаға кері әсерін анықтайтын өлшемдерді белгілейтін стандарттар қажет.

«Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастырудың маңыздылығы күмән тудырмайды. Қазақстан 2015 жылы ойыншықтарға психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу үшін техникалық регламентке өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Ол кезде мұндай ойыншықтардың баланың психикасына жағымсыз әсер ету критерийлерін айқындау стандартының болмауына, ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігіне байланысты құжат қолдау таппады», — деді ЕЭК Кеңесінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бүгінде нарық түрлі ойыншықтар бар. Сондықтан ойыншықтардың баланың психикасына кері әсер ету критерийлерін айқындау стандартын әзірлеу және Еуразиялық Одақ елдері деңгейінде тиісті тәртіпте пысықтау үшін қолданыстағы техникалық регламенттерді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылып отыр.

TuraNews

Back to top button