ӘлемБасты

Гүлнара Каримованың 43,5 миллион доллары Өзбекстандағы балалар өлімін азайтуға жұмсалады

Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримовадан тәркіленген 43,5 миллион доллар БҰҰ-ның ана мен нәресте өлімін азайту бағдарламасын қолдауға жұмсалады. Бұл туралы Uzbekistan Vision 2030 қоры хабарлады , деп жазады Turanews.kz.

«Uzbekistan Vision 2030 қоры БҰҰ-ның Өзбекстандағы ана мен бала өлімінің алдын алу жөніндегі жаңа бағдарламасын қолдауға 43,5 миллион доллар бөлетінін хабарлады», — делінген бағдарламаның сайтында.

БҰҰ-ның «Uzbekistan Vision 2030» көп серіктестік траст қоры 2022 жылдың жазында Гүлнар Кәрімованың Швейцариядағы қылмыстық сот ісі кезінде тәркіленген активтерін қайтару үшін құрылған. 2022 жылдың тамыз айында Өзбекстан мен Швейцария қор арқылы 131 миллион долларды қайтару туралы келісімге қол қойды. Қайтарылған активтер Өзбекстан үкіметінің реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдетуге және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.

«Бағдарлама ЮНИСЕФ, ЮНФПА және ДДҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылады және 30 айға созылады, бүкіл ел бойынша 600 мың әйел мен жаңа туған нәрестені қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі — салмағы төмен балалардың өмір сүру деңгейін арттыру.

Бұл қор Гүлнар Кәрімоваға қарсы қылмыстық істің аясында біржола тәркіленген немесе тәркіленетін активтерді қайтаруға жұмсалады. Болашақта бұл қаражатты Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде кедейшілік пен аштықты жоюға, сапалы білім беруге, гендерлік теңдікке, таза су мен санитарияға жұмсау туралы шешім қабылданды.» — денілген хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстан Әділет министрлігі Швейцариядан экс-президенттің қызының тағы 350 миллион доллар, Бельгиядан 240 миллион доллар активтерін алатынын хабарлаған.

Source
24.kg

TuraNews

Back to top button