ӘлемСаясат

Грузияның басқарушы партиясы президентке импичмент жарияламақ

Грузияның «Грузия арманы» басқарушы партиясы іс басындағы президентке импичмент жариялау процедурасын бастады. Партия Саломе Зурабишвилиді үкіметпен келіспей шетелдік сапарға аттанып, солайша контитуцияны бұзды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Deusche Welle басылымы.

«Біз саяси кеңес отырысында үкіметпен алдын ала келіспей Еуропаға сапарға аттанып, ел конституциясын бұзған президент Саломе Зурабишвилиге қатысты импичмент процедурасын бастау туралы шешім қабылдадық», — деп мәлімдеді партия төрағасы Ираклий Кобахидзе бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Онымен бір мезгілде И. Кобахидзе атап өткендей, саяси күштердің парламентте қазіргі орналасуы импичментті сәтті іске асыруға мүмкіндік бермейді. Себебі ол үшін 150 дауыстың 100-ін жинау керек, басқарушы партия оппозицияның қолдауын қажет етеді. Дегенмен, импичмент процедурасын бастау – «партияның конституциялық міндеті», деп атап өтті ол.

Сондай-ақ И.Кобахидзе «Грузия арманы» партиясы президенттің конституцияны бұзу фактісі бойынша Конституциялық сотқа жүгінетінін айтты.

Партия мәлімдеуінше, президент Зурабишвили шетелдік сапарға үкіметтің мақұлдауынсыз барып, негізгі заңды бұзды. Грузия конституциясының 52-бабына сәйкес, президент сыртқы қарым-қатынаста, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөз жүргізуде өз өкілеттік құзыретін министрлер кабинетінің келісімімен ғана іске асыра алады.

Саломе Зурабишвили 31 тамызда президент Франк-Вальтер Штайнмайермен (Frank-Walter Steinmeier) келіссөз жүргізу үшін Германияға барған. Ол Грузияны Еуроодаққа кіруге үміткер ретінде таныстыру үшін Еуропаның көшбасшыларымен бірқатар кездесу өткізген. Грузия үкіметі бұл сапарды мақұлдамады.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button