Бұл туралы Грузия президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, грузин парламентшілері премьер-министр Ираклий Кобахидзе басқаратын үкімет құрамына сенім білдіретін қарарды, сондай-ақ үкіметтік бағдарламаны мақұлдады.
Кобахидзенің Грузия премьер-министрі қызметіне сенім білдіруді 84 депутат қолдаса, 10 депутат қарсы болды.
Сондай-ақ Премьер-Министрмен бірге оның кабинетінің құрамы жасақталды.
Грузияның Сыртқы істер министрі болып Илья Дарчиашивли, Қаржы министрі болып Лаша Хуцишвили, Әділет министрі болып Рати Брегадзе, Ішкі істер министрі болып Вахтанг Гомелаури тағайындалды.