Әлем

Грузиядағы топырақ көшкінінде қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Грузияның Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймақтарындағы Шови курорттық ауданында 3 тамыз күні болған топырақ көшкіннен қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

Таулы аймақта орналасқан Шовиде 3 тамыз күнгі топырақ көшкіннен кейін басталған іздеу-құтқару жұмыстары 7-ші күнінде жалғасуда.

Грузия Төтенше жағдайларды басқару қызметінің басшысы Темур Мгебришвили іздеу-құтқару жұмыстарының 9 бөлек жерде жүргізілгенін мәлімдеді.

Бүгін тағы 2 мәйіт тапқандарын, 12 адамнан әлі хабар болмағанын атап көрсеткен Мгебришвили «Әзірге 21 адамның мәйіті табылды. 12 адамды іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғасуда» деді.

Топырақ көшкініне байланысты шамамен 30 гектарлық аумақта жүргізілген іздеу-құтқару жұмыстарына Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің жасақтары, тікұшақтар мен пилотсыз әуе көліктері, арнайы үйретілген иттер мен 100-ге жуық құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button