Грузиядағы Шиомгвиме ортағасырлық монастырь маңында жартас құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Rustavi 2 телеарнасына сілтеме жасап.
Грузия Патриархиясы қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Монастырь де аман қалды.
«Монастырьді қоршап тұрған жартастан тастар жиі құлап жатады. Бірақ биыл ауқымды оқиға болды. Қазіргі уақытта ТЖ орнында тиісті мемлекеттік құрылымдар жұмыс істеуде», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, 3 тамызда Грузияның Рачинский ауданында, Шови курортына жақын жерде көшкін салдарынан «Сансет Шови» қонақүйіндегі 16 адам, оның ішінде алты бала одан шыға алмай қалған. Көшкін құрбандарының саны 16 адамға жетті.
Грузияның Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды,