
ҚазАқпарат — Шов муниципалитетінің аумағы мен Грузияның батысындағы көшкін салдарынан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
Шов муниципалитетіндегі құтқару операциясы жалғасып жатыр. Көшкін құрбандарының саны 16 адамға жетті. Қазір тағы 24 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқан 7 адамның кім екені белгілі болды.