Әлем
Грузияда жұмысқа себепсіз келмеген парламент депутаттарына айыппұл салынды
Грузия парламенті депутаттарының жалақысы бір жылда жұмысқа келмеген күндері үшін 80 мың лариге қысқарды. Бұл туралы елдің Парламент төрағасы Шалва Папуашвили мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, басым бөлігі — 60 мың лари депутаттары отырыстардан себепсіз қала беретін оппозицияның үлесіне тиді. Папуашвили ұсталған соманы парламент қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді.