Технология

Google Финляндиядан 27 млн еуроға жер сатып алды

Google компаниясы өздерінің деректер орталығын кеңейту мақсатында Финляндиядан 27 миллион еуроға жер телімін сатып алды.

Бұл туралы бейсенбі күні ел үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

«Финляндияның орман шаруашылығы басқармасы (Metsahallitus) негізгі деректерді өңдеу орталығы ретінде қызмет ететін солтүстік-шығыстағы Каяани қаласы маңындағы шамамен 1400 га жерді сатуға рұқсат алды. Мұндай ауқымдағы жер мәмілелері Финляндияда сирек кездеседі», — делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.

Google Финляндияда деректер орталықтарын 2011 жылдан бері басқарып отыр. Компанияның Хамина қаласындағы кампусында қазіргі уақытта шамамен 400 штаттық қызметкер жұмыс істеп жатыр», — делінген баспасөз хабарламасында.

2009 жылы Google Хельсинкиден шығысқа қарай шамамен 145 км жерде орналасқан Хамина қаласында Финляндиядағы алғашқы деректер орталығын салды. Биылғы жылдың мамыр айында америкалық технологиялық алпауыт Хаминадағы кампусты кеңейту үшін 1 млрд еуро көлемінде жаңа инвестиция туралы жариялады, бұл алдағы екі жылда жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button