Әлем

Google 12 мың адамды жұмыстан шығарды

бұл компанияның әлемдік жұмыс күшінің 6 пайызынан астамын құрайды.

Bloomberg мәліметінше, нашар қаржылық көрсеткіштерге байланысты Технологиялық алпауыт «Google» 12 мың адамның жұмыстан босатылатынын хабарлады.

«Google-дың» жетекші компаниясы «Alphabet» 12 000 қызметкерін жұмыстан шығарады деп компанияның бас менеджері Сундар Пичай мәлімдеді.

Жұмыстан шығарылған қызметкерлер үшін компания, төрт ай бойы жалақы төлейді және алты ай бойы медициналық қызметтің сақтандыру пакетін пайдалануға мүмкіндік береді.

Еске салайық, АҚШ-тың технологиялық компанияларының бірі «Microsoft» корпорациясы да жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін 10 мың қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлаған еді.

«Amazon» және «Meta» (Facebook) да «жұмыс күшін қысқарту» болатынын білдірген болатын.

TuraNews

Back to top button