
22 қаңтар күні Голливудта 98-ші «Оскар» сыйлығы номинанттарының тізімі жарияланды. Биылғы киноакадемия марапаттарды 24 санат бойынша табыстайды. Олардың әрқайсысында дәстүрлі түрде он фильм қатысатын негізгі «Үздік фильм» санатынан басқа бес номинант бар, деп хабарлайды DW.
Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 15 наурызында Лос-Анджелестегі Dolby Theatre-да өтеді және 200-ден астам елде тікелей эфирде көрсетіледі.
«Үздік фильм» атағы үшін он фильм бақ сынайды:
- «Бугония» («Bugonia») — режиссері Йоргос Лантимос
- «Формула-1» («F1») — режиссері Джозеф Косински
- «Франкенштейн» » («Frankenstein») — режиссері Гильермо дель Торо
- «Гамнет» («Hamnet») — режиссері Хлоя Чжао
- «Ғаламат Марти» («Marty Supreme») — режиссері Джош Сафди
- «Бір шайқастан кейін екінші шайқас» — режиссері Пол Томас Андерсон
- «Құпия агент» («The Secret Agent») — режиссері Клебер Мендонса Фильо
- «Сезімтал құндылық» («Sentimental Value») — режиссері Йоаким Триер
- «Күнәһарлар» («Sinners») — режиссері Райан Куглер
- «Арман пойыздары» («Train Dreams») — режиссері Клинт Бентли
«Үздік режиссура» атағына үміткерлер:
- «Гамнет» («Hamnet») — режиссері Хлоя Чжао
- «Ғаламат Марти» («Marty Supreme») — режиссері Джош Сафди
- «Бір шайқастан кейін екінші шайқас» («One Battle After Another») — режиссері Пол Томас Андерсон
- «Сезімтал құндылық» («Sentimental Value») — режиссері Йоаким Триер
- «Күнәһарлар» («Sinners») — режиссері Райан Куглер
- «Үздік деректі фильм» сыйлығы үшін таласатын картиналар арасында «Алабама шешімі» » («The Alabama Solution») — режиссері Эндрю Джареки, «Мені жақсы жағынан көр» («Come See Me in the Good Light»)- режиссері Райан Уайт, «Жартастар кесіп» («Cutting Through Rocks») — режиссері Сара Хаки, «Мінсіз көрші» («The Perfect Neighbor») — режиссері Гита Гандбир) және басқа да фильмдер бар.
Режиссер Райан Куглердің «Күнәһарлар» («Sinners») фильмі номинациялар саны бойынша абсолютті көшбасшы болды. Америкалық киноакадемия тарихында басқа ешбір фильм соншалықты көп жүлде алған емес.
Бұдан басқа, номинациялар саны бойынша көш бастап тұрған басқа фильмдердің қатарында «Бір шайқастан кейін екінші шайқас», «Үздік фильм» және «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында мүсіншеге үміткер «Сезімтал құндылық», «Күнәһарлар» және «Ғаламат Марти» фильмдері бар.
Номинанттардың толық тізімін марапаттың ресми сайтынан көруге болады.



